Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚМА дерегінше, өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырып, күдіктілер азаматтарға жоғары табыс уәде еткен.
Алайда іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қатысушылардың есебінен жасалған. Салымшыларға салым сомасына байланысты күніне 12-ден 690 долларға дейін төлемдер ұсынылған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус уәде еткен. Нәтижесінде 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған, - делінген мәліметте.
Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды.
Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды, - деп қосты агенттік.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұған дейін қаржы пирамидасы қалай жұмыс істейтіні туралы жазғанбыз.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?