6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Мәжілістің кулуарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбіштің жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл сұраққа жауап беруге құзырыретім жоқ. Құқықтық бағаны Бас прокуратура берген. Істі ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеді, - деді ол.
Тілшінің «Самат Әбіш қайда?» деген сауалына қысқа қайырды:
«Мен білмеймін».
Оның қайда кеткені туралы сауалға дәл осындай жауап берілді.
Бұған қатысты ештеңе айта алмаймын. Қателеспесем, ақпанда кетті. Сіздерде ақпарат бар. Жұмыстан наурыз-сәуірде кетті. Қазақстанда да шығар, - деді Марат Қалқабаев.
Ресми дерек бойынша, Әбіш 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап қызметінен босатылды. Бұл уақытта басшылық құрам толықтай уақытша ұстау изоляторында отырған. ҰҚК бірінші орынбасары лауазымын атқарған Әбішке ешқандай айып тағылған жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі