6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСамарқанда өткен саммиттің маңызы неде? Бұл туралы саясаттанушы Самат Нұртаза өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.
Өзбекстанның Самарқан қаласында түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының саммиті өтті. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжан елінің президенттері қатысты.
Саммит тақырыбы – «Түркі өркениетінің жаңа дәуірі: ортақ даму мен өркендеу жолында».
«Саммитке ұйымға мүше түркі елдерінің мемлекет басшыларымен бірқатар елден келген бақылаушы қатысты. Саммитте түркі елдерінің экономикалық-ынтымақтастық және халықаралық маңызды мәселелері талқыланды. Бизнес, сауда-саттық бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою қарастырылды. Түркі елдері арасындағы өзара байланысты дамыту мен маңызын арттыру басты назарда болды», - деді саясаттанушы.
Самарқандағы саммит түркі тектес елдердің мәдени, рухани және саяси одағының көрінісі болды. Бұл түркі елдері арасында өтетін негізгі және маңызды басқосулардың бірі. Сондықтан мұндай үлкен отырыстағы шешімдер көп елге оң ықпалын тигізетінін атап өтті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі