28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысында ауа райына байланысты жолдар жабылып, трассада қалып қойған автобустардың жолаушылары мектеп пен мешітке жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Ақтөбе облысында құтқарушылар жолаушылар мінген автобустарды жылыту бекеттеріне жеткізді. «Самара-Шымкент» тасжолының Ырғыз ауданы маңында жол бойында қалып қойған адамдар ауылдағы орта мектепке орналастырылды. Автобуста Қазақстанның үш азаматы мен Өзбекстан Республикасының 38 азаматы болды.
Мәлім етілгендей, Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір автобус аталған трасса бойында қалып қойған.
«Самара-Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы маңында да автобус тұрып қалды. Онда 31 өзбекстандық болды. Құтқарушылар жолаушыларды Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырды. Негізі жол ауа райы қолайсыз болған соң жабылды. Сөйтіп адамдар жолда күтті. Бірақ жолаушылар автобусы үшін бұл қиын болып, адамдар жылыту бекеттеріне жеткізілді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?