Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселе көтерген болатын. Осыған орай сенатор Бибігүл Аққожина пікір білдіріп, қосымша құн салығы мөлшерлемесі ел экономикасы үшін маңызды мәселе болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президент нақты бағдар белгіледі. Бизнесті, азаматтарды қолдау және бюджетті тұрақты толтыруды қамтамасыз ету үшін мөлшерлеме саралану керектігін алға тартты. Бұл - барлық тараптың мүдделерін ескеретін салмақты және әділ тәсіл,-деп түсіндірді сенатор.
Оның айтуынша, Депутаттық корпус ҚҚС реформалау мәселелері жөніндегі президенттің тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүргізуде. Салық жүйесінің тиімді ғана емес, сондай-ақ әділ болуы маңызды. Қосымша құн салығының сараланған мөлшерлемесі халықтың аз қамтылған топтарын қорғауға, қажетті тауарларды қолжетімді етуге, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Қосымша құн салығының мөлшерлемесі бойынша түпкілікті шешім бизнестің, сарапшылар мен депутаттардың пікірін ескере отырып, нақты есептеулерге негізделуі тиіс. Негізгі мақсат – бюджетті толтыру, кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау, - деп қорытындылады Бибігүл Аққожина.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер