Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова салық-бюджет реформасының мақсаты мемлекеттік қаржыны нығайту болып саналатынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салық-бюджет реформасының мақсаты мемлекеттік қаржыны нығайту, әділ салық салу және бюджеттің даму шығыстарын қайта қалыптастыру болып саналады. Бұл ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне, экономиканың дамуына ықпал ететін өте маңызды мақсат. Бұл тұрғыда, әрине, қолдау көрсетіледі. Қаржы секторына келетін болсақ, ол әрқашан жауапты жұмыс беруші, бизнесті жауапты жүргізу, ашықтық пен әділ салық салуды және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы жағында. Ең бастысы, сарапшылар қауымдастығымен, нарық қатысушыларымен үнемі диалогта болу қажет. Ол ықтимал сын-қатерлерді дұрыс бағалау және халық пен бизнес субъектілері үшін тәуекелдерді азайту үшін керек, – деп атап өтті Елена Бахмутова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді