2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайОСК-ның кезекті 19 отырысында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ атынан президенттікке ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды El.kz.
ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов Салтанат ТҰрсынбекованың тапсырған құжаттары дұрыс деп танылып, мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі анықталғандығын атап өтті.
«Біріншіден, мені кандидаттыққа ұсынған бірлестікке алғысымды білдіремін. Сайлаудың заң талаптарына сәйкес барлық күш-жігерімді салып атсалысамын. Өздеріңіз білетіндей, мен соңғы күні құжаттарды тапсырдым. Оған дейін шалғайдағы әр өңірді аралап, менімен танысқанын қаладым. Содан кейін ғана құжаттарымды тапсырдым. Біздің ұйымның әр өңірде филиалдары бар. Қол жинауға оладың да үлесі бар деп есептеймін. Ал кімді лайықты қарсылас дейтін сұраққа Қарақат Әбденді айтар едім. Өзімнің көздеген бағдарламаларымды жүзеге асыру үшін осы сайлауға түсіп жатырмын», - деді Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова.
Хаттамаларға сәйкес, Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова 18 өңірден 119316 дауыс жинағаны анықталды.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат