Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыОтбасылық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның елеулі тұлғаларының пантеонына енгізілді. Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Айтбектің айтуынша, ол анасымен бірге Қостанай облысындағы «Амангелді» тарихи-мемориалдық кешеніне арнайы барған. Бұл жерде мемориалдық қабырға мен ел тарихына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған пантеон орналасқан.
Осы пантеонда Қазақстан тарихында із қалдырған тұлғалардың қатарында Салтанаттың аты жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұған дейін біз Павлодардан әкелінген топырақты пантеонға табыстаған едік, ол мемориалда капсула түрінде сақтаулы. Мұнда Салтанатты ел тарихына әсер еткен тұлғалардың қатарына қосыпты, – деп жазды Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі жазбасында.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 9 қарашасына қараған түні Салтанат Нүкенова Астанадағы BAU мейрамханасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан еді. Ауыр соққыға жығылған Салтанат көз жұмды.
2024 жылдың 13 мамырында Астанада өткен сот процесі барысында Қуандық Бишімбаев өз жұбайын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл іс Қазақстан тарихындағы ең көп талқыланған істердің бірі болды. Оған бүкіл ел ғана емес, шетелдік БАҚ та назар аударды. Қоғамда үлкен серпіліс туып, әлеуметтік желілерде Салтанатты қолдау акциялары өтті. Осы оқиғадан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бұрынғыдан да өткір көтеріле бастады. Әйел құқығын қорғаушылар, заңгерлер мен белсенділер заңнаманы күшейтуді және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы нақты шаралар қабылдауды талап етті.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?