22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСалқын лимонад немесе мұз қосылған шай ішу жүректегі қауіпті бұзылыстардың бірі — жүрекшелер фибрилляциясының (мерцательная аритмия) ұстамаларын тудыруы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Гарвард университетінің Т.Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің кардиологтары хабарлады. Зерттеу нәтижелері Journal of Cardiovascular Electrophysiology (JCE) журналында жарияланды.
Зерттеу тобы жүрекшелер фибрилляциясы диагнозы қойылған науқастардың денсаулығы мен тамақтану әдеттерін талдаған. Нәтижесінде, кейбір қатысушыларда салқын сусындар ішкеннен кейін жүрек ырғағының бұзылуы байқалған.
Қатысушылардың шамамен жартысы салқын тағамдар мен сусындардан толық бас тартқаннан кейін жүрек ұстамалары тоқтағанын айтқан. Басқалары үшін салқын сусынды аздап жылытып ішу, түтікше қолданбау немесе баяу жұту симптомдардың жеңілдеуіне себеп болған.
Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыстың нақты механизмі әлі толық анықталмаған. Зерттеу авторларының бірі, кардиолог Грант Саймонстың пікірінше, бұл жағдай жүрек соғу жиілігін реттейтін кезеген жүйкенің (блуждающий нерв) ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін. Ауыз қуысын күрт суыту жүйкені белсендіріп, жүрек жұмысының бұзылуына әкелуі ықтимал.
Зерттеушілер бұл әсер барлық адамда бола бермейтінін, алайда суық сусын ішкеннен кейін жүрек қызметінде өзгерістер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керектігін ескертеді. Тамақтану әдетін сәл өзгерту жүрек ауруын бақылауға және асқыну қаупін төмендетуге едәуір көмектесуі мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев