2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖастар жылы жарияланысымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты маңызды іс-шараларды жоспарлап, оларды жүзеге асыруды бастап кетті.
Астанадағы этномәдени орталықтардың белсенді жастары да сырт қалмай, күш біріктіруде. Солардың қатарында М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің IV курс студенті, университеттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жарасым» клубының жетекшісі, күрд этномәдени орталығының мүшесі Салим Айлазов та бар.
— Салим, сенің үлкендердің тәрбиесін алғаныңды әңгіме барысында аңғардым. Әкеңнің мақтанарлық ұлысың. Алда келе жатқан 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ыстық лебізіңді оқырмандарға жеткізсең.
— Қазақстан халқын қиындықтар шынықтырып, біріктірді. Біздің халықтар шыдамды, төзімді. Достықты қадірлейтін қазақ халқы – дана халық.
Мен тіпті былай деймін – өзімді қазақ деп санаймын. Әрине мен өзімнің шыққан тегімді ұмытпаймын. Бірақ қазақ елінің азаматы ретінде өзімді қазақпын деп санаймын.
Ата мен әкем айтқандай, қиындықта қысылтпай, төрінен орын берген қазақ халқына мың алғыс!
Мен Қазақстанда туғаныма қуанамын. Қазақстандай отанымды мақтан етемін. Қазақ елі деп соққан жүрегім үшін барша қазақстандықтарға алғыс айтамын!
«Бірлік, келісім және төзім» деген ұраны бар халықтың достық қамалы бұзылмасын!
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова