22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМаңғыстау облысы Бейнеу ауданының Тұрыш ауылында медициналық пойыздың алғашқы жұмыс күнінде 258 тұрғыны дәрігерлерге жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, тағы 14 тұрғын тұрғын үй, өтемақы және зейнетақы төлемдері бойынша медиаторлармен заңгерлерден кеңес алды.
Ең көп сұранысқа ие болған мамандар – стоматолог, кардиолог және рентгенологтар. Әрбір тұрғын профильді дәрігерлерден кешенді тексеруден өтті. Бір күн ішінде тек Тұрыш тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына да көмек көрсетілді. Тұрыштан кейін «теміржол үстіндегі емхана» Сайөтес ауылына жол тартты. Онда пойыз екі күн жұмыс істейді, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар, пойыз Болашақ, Қарақия, Шетпе, Ақжігіт, Бейнеу, Қорқол және Боранқұл ауылдарына аялдайды. Кестенің өзекті нұсқасы www.medpoezd.kz сайтында қолжетімді.
Пойыз құрамында 29 түрлі мамандықтағы дәрігер бар: терапевт, педиатр, хирург, кардиолог, стоматолог, гинеколог, офтальмолог, невропатолог және басқалар. Қан талдауы, УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия және шағын хирургиялық операциялар сияқты диагностикалық қызметтердің толық спектрі қолжетімді.
Медициналық көмектен бөлек, тұрғындар еңбек және әлеуметтік дауларды шешуге бағытталған тегін құқықтық көмек ала алады.
Жоба еліміздің түкпір-түкпіріндегі, медицина мен құқықтық инфрақұрылымы жоқ 123 шалғай елді мекенді қамтиды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев