Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Теректі ауданының Алғабас станциясына келді. Бұл Батыс Қазақстан облысы бойынша пойыз маршрутындағы соңғы станция, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, Шыңғырлау, Тасқала және Теректі аудандарының 7 теміржол станциясында болды, онда 7,5 мыңға жуық тұрғын тұрады.
Алғабас станциясындағы жұмыстың басталуы пойыз ұжымының, ауыл тұрғындарының, жергілікті билік органдары мен жұртшылық өкілдерінің кездесуі болды.
Пойыздың аға дәрігері А. Ж. Саханова мен поезд медиаторы Ш. Шалғазина ауыл тұрғындарына мобилдік кешеннің жұмыс істеу механизмін және олар пойыз мамандарының көмегімен медициналық және басқа да қызметтер тізбесінен нақты не ала алатынын түсіндірді.
Бүгін медициналық пойыз Алғабас станциясының тұрғындарына күні бойы қызмет көрсетеді және Ақтөбе облысының аумағы бойынша өз бағытын жалғастырады.
20 мың шақырымнан астам жол «дөңгелектегі емхана» арқылы өтіп, 123 шалғайдағы ауыл мен станцияның тұрғындарына медициналық көмек көрсетуі тиіс.
Жылжымалы медициналық бригаданың құрамына 36 білікті дәрігер, сондай-ақ медиатор мен заңгер кірді.
Бұл терапевттер, хирургтар, педиатрлар, невропатологтар, рентгенологтар, кардиологтар, стоматологтар, офтальмологтар, отоларингологтар, онколог-маммологтар, гинекологтар
және урологтар.
Дәрігерлер алғашқы қарап-тексеру қызметтерін ұсынады, сонымен қатар қажет болған жағдайда кішігірім хирургиялық операциялар жасайды.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы жыл сайын «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әріптестігі шеңберінде іске асырылады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?