Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚызылорда облысының тұрғындары жоғары білікті дәрігерлер арқылы медициналық көмекке қол жеткізді. Екпінді станциясына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы аялдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Саламатты Қазақстан» медпойызы әлеуметтік жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Биылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу құқығын қорғау, зейнетақы тағайындау, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне байланысты тегін кеңес беріледі. Сондай-ақ, шалғай аймақ тұрғындары тегін медиативті және заңгерлік көмек ала алады.
Екпінді станциясына медициналық пойыз 31 қазанда сағат 23:05-те келіп, 2 қараша күні сағат 22:00-де сапарын әрі қарай жалғастырады.
Жобаның соңы 2023 жылғы 6 желтоқсанда аяқталады. Сол уақытта медициналық пойыз 18 мың шақырымнан астам жолды артқа тастайды. Нәтижесінде елдің ең шалғай станцияларында тұратын азаматтар жоғары білікті медициналық, медиативтік және әлеуметтік сала мамандарының қызметін пайдалана алады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер