23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы өмірден өтті. Қаралы хабарды өнер иесі Instagram парақшасында жариялады.
Ұлтай Мырзамбекқызы – белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің анасы. Өнер иесі 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызының отбасында өскен он бір баланың тоғызыншысы.
Әншінің әкесі Қордабай Майғазыұлы есепші және кассир болып еңбек еткен. Ол 2005 жылы дүниеден озған. Сәкен Майғазиев бұған дейін берген сұхбаттарында әкесін өміріндегі ерекше үлгі тұтатын тұлғалардың бірі ретінде атаған.
2025 жылы әнші анасының денсаулығы мен көңіл күйіне алаңдайтынын айтқан еді. Сол кезде Ұлтай Мырзамбекқызы 88 жасқа келгенін жеткізген.
Сондай-ақ өнер иесі анасының үлкен қызы дүниеден өткеннен кейін қатты қайғырғанын, бұрынғыдай сыртқа шығып, қыдыруға құлқы болмай қалғанын баяндаған. Марқұммен қоштасу рәсімі 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысының Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.
Марқұм Ұлтай Мырзамбекқызының жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік