7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?«МузАРТ» тобының солисі Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің тойын ұйымдастыруға атсалысып жатқан жандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сонымен қатар өнер иесі тұңғышының тойын тікелей эфирден көрсететінін алға тартты.
Осыншама адам тілектес болып, атсалысады деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Алла разы болсын бәріне, іштей осыған қаншалықты лайықтымын деп ойлап қоямын. «Сәкен аға, сіздің де шарапатыңызды, шапағатыңызды көп көрдік», деп жатқан асыл азаматтарымыз, қарындастарымыз көп екен. Бізге келіп жеткен толассыз хаттар «бізді де шақыра салыңыздаршы», «жай тойда жүрейікші» деген жүз шақты хат келді. Жекеме қаншама адам жазып жатыр. «Мейрамхана 700-800 адамға ғана арналған. Алайда біз жай қатысқымыз келеді» деп жатқандар бар, – деді әнші.
Әнші негатив жазып, той туралы мәліметтің көбейіп кеткенін сынап жатқандарға да үндеу жасады.
Қазір дұрыс қабылдайды деп ойлаймын, әрине, негатив жазатындар да бар. «Сенің тойың кімге керек?» деп жазып жатқандарға айтарым, ондайға менің иммунитетім қалыптасқан. Бірақ шынында тойға қатысқысы келетіндер өте көп. Сондықтан тойды тікелей эфирде көрсетеміз бе деп отырмыз. Оған тіркелу керек болатынын құлағдар еткім келеді, – деді әнші.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?