Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМәжілісте «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Құдайберген Бексұлтанов еліміздегі фильмдердің мазмұнына қатысты сын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда отандық киноөндірісте дөрекі сөздер мен қатыгездік көріністері бар фильмдер көбейіп кеткен. Әсіресе балалардың арасында боқтық сөздің белең алуына алаңдаушылық білдірді.
Егер өзіміз фильмдер арқылы дөрекілік пен тұрпайылықты, арсыздықты насихаттасақ, одан қандай нәтиже күтеміз? Әлеуметтік желілерде мұндай дүниелер онсыз да өріп жүр. Ал біз тағы да сондай фильмдерді ұсынамыз. Осындай туындыларға бюджеттен қаржы бөлініп жатыр ма? Егер бөлінсе, бұл – нағыз апат. Бұл мәселеге мемлекет басшысы да алаңдаушылық білдірді. Қазір кішкентай балалардың өзі балағат сөз айтып, сөйлеу мәдениетінен айырылып барады. Бұрын мұндай болған емес, – деді Бексұлтанов.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өз кезегінде бұл мәселелердің барлығы Мәжілісте талқыланып жатқан «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасында қамтылғанын атап өтті.
Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істеу қажет. Тәрбиелік және ағартушылық шараларды күшейтіп, тек құқық қорғау органдары мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметімен шектеліп қалмауымыз керек. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, әкімшілік айыппұлдар енгізілуде. Алайда, ең бастысы, қоғам деңгейінде жүйелі әрі тұрақты жұмыс жүргізу қажет, - деді министр.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова