6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева Алматыда арнайы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мирзиёева Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында алғаш рет рет қойылған өзбек қойылымы – «Лазги — Жан мен Махаббат биі» балетінің премьерасына қатысқан. Қойылым премьерасына мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысқан.
Бұған дейін Қазақстанға сапарымыз барысында осы балетті бауырлас елде көрсетуге ниет білдірген едік. Енді, міне, ол арманымыз орындалды. Мұндай мәдени шаралар өнеріміздің сұлулығын ғана емес, халықтар арасындағы достықты да тереңдете түседі, – деді Мирзиёева.
Президент кеңесшісінің сөзінше, бұл мәдени іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға ықпал етіп, Орталық Азия елдері арасындағы мәдени, экономикалық және саяси ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі