30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен садақ атудан әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алған Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары туризм және спорт министрімен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басқосуға спортшылар, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен мамандар қатысты.
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен додада тарихи нәтижеге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл – Қазақстан спортындағы айтулы жетістік. Спортшылар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегі осындай тамаша нәтижеге жеткізді. Әлем чемпионатындағы толайым табыс садақ ату спортының танымалдылығын арттыра түседі деп сенемін. Мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында елімізде садақ ату спортына қызығушылық жылдан жылға өсіп келеді. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен 7 мыңға жуық адам шұғылдануда, – деді министр.
Кездесу барысында ұлттық құрама бас жаттықтырушысы Бауыржан Жолдыбаев «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал спортшылар Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар Қазақстан садақ ату федерациясының президенті Азамат Өсімбековке Туризм және спорт министрінің Алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, Кванджуда өткен әлем чемпионатында Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова бастаған Қазақстан командасы қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды