Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПриморье аймағындағы жеке клиниканың сегіз дәрігері шетелге балаларды сатқан қылмысы үшін жауапқа тартылуда. Олар екі жыл ішінде кем дегенде 13 баланы басқа елдерге жіберген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Mash мәліметінше, Владивостоктағы клиника желісінде алты әйел мен екі ер адам бедеулік туралы жалған құжаттарды рәсімдеп, 2018 жылдан 2020 жылға дейін емдеу сылтауымен эмбриондар өсірген. Нәрестелер туғаннан кейін оларды шетелге сатып жіберген. Нәтижесінде 13 бала шетелге кетіп, олар осыдан 53 миллион рубльден астам табыс тапқан.
Прокуратура Приморье аймағы хабарлағандай, күдіктілер бедеулікті емдеу сылтауымен көмекші репродуктивті технологияларды пайдаланып, эмбриондарды өсіріп, балалардың туылуын ұйымдастырып, кейін оларды сатып шетелге жөнелткен.
Оқи отырыңыздар:
Қазіргі уақытта бас дәрігерлер, репродуктолог-дәрігерлер және клиника желісінің иесіне Қылмыстық кодекстің 127.1-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылуда. Олар кәмелетке толмағандарды заңсыз шекарадан өткізіп, саудалағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?