30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСемей қаласында татар халқының «Сабантой 2019» мерекесі өтап өтілді. Сабантой – татарлардың жер мен адал еңбекке деген махаббатының жарқын көрінісі.
Осыған орай Семей қаласына РФ Татарстан Республикасынан қонақтар мен халық әртістері келді. Мерекеге қаланың құрметті азаматтары да қатысты.
Іс-шара бағдарламасында мерекелік концерт, спорттық жарыстар, татар халық ойындары мен сайыстар: арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру, бағанға көтерілу және «Татарча куреш» бар.
«Сабантой 2019» мерекесі үш алаңда өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары «Сабантуй пати» дискотекасына қатысты. Сонымен қатар, Сабантой қала жағалауындағы «Сабантой тарихы – өткені және бүгіні» көрмесімен және татар этносының салт-дәстүрлерімен таныстыратын «Татар үйі» экспозициясымен жалғасты.
Онда Жастар алаңы Ворк аут және Пара-Пауэр-Лифтинг жұмыс істеді. «Чак чак» аспаздық шеберлік байқауы ұйымдастырылды. «Татарча куреш» сайысының ең мықты және шыдамды жеңімпазына бас жүлде – қошқар табысталды. Қала алаңында үлкен қазандарда өз ісінің шеберлері дайындаған палау фестивалі өтті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды