29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Сағат 16.00 дейін 7 127 366 адам референдумда таңдауын жасады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды El.kz cайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-де өңірлердегі азаматтардың саяси науқанға келуі мынадай: Ақмола облысы – 65,11, Ақтөбе облысы – 53,52, Алматы облысы – 66,58, Атырау облысы – 56,19, Батыс Қазақстан облысы – 57,70, Жамбыл облысы – 67,36, Қарағанды облысы – 68,69 , Қостанай облысы – 69,18, Қызылорда облысы – 72,26, Маңғыстау облысы – 53,13, Павлодар облысы – 64,58, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80, Түркістан облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40, Алматы қаласы – 25,95, Шымкент қаласы – 63,34 пайыз. Жалпы, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 127 366 азаматы бюллетень алған. Бұл - тізімге енген азаматтардың 60,80 пайызы», - деді Асылбек Смағұлов.
Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскесіне келуіне қатысты келесі деректі сағат 18.00-де ұсынады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек