12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытай ғалымдары сүтқоректілердің ғарышта көбейе алатынын дәлелдеді. China Daily-дің ақпараты бойынша 2016 жылдың 6 - сәуірінде ғарышқа ұшырылған SJ-10 кемесінің ішінде арнайы капсулаға салынған тышқан эмбриондары бар.
Капсуланы жылу беру жүйесімен, қажетті қорек беру жүйесімен, сондай-ақ, микроскоп пен камерамен жабдықтаған. Камера төтр сағат сайын эмбриондардың дамуын суретке түсіріп тұрған. Ғарышта өткізген 80 сағаттың ішінде эмбриондар — бластоцистерге айналған.
Бұл ғарышта жасалған сәтті тәжірибе — сүтқоректілердің ғарышта көбейе алатынын дәлелдейді. Тәжірибенің басшысы профессор Дуан Енкуй «бұл болашаққа жасалған үлкен қадам. Дегенмен, ғарышқа көшіп баруға әлі ерте» деп қалжыңдайды берген сұхбатында. Осыған дейін мұндай тәжірибені Еуропа ғалымдары жасаған. Алайда тәжірибе сәтсіз шығып, «ғарышта сүтқоректілер көбейе алмайды» деген шешімге келген болатын.
Алмас САУДАНБАЙ
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер