Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСолтүстік Қазақстанда биыл балықтан жұғатын паразиттік ауру – описторхоздың 13 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды EL.KZ.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, описторхоз – адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын табиғи-ошақтық құрт ауруы. Паразиттің тасымалдаушысы адам және үй жануарлары – ит пен мысық болуы мүмкін. Паразит адам ағзасында ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Салдарында описторхтар бауыр обырын тудыруы мүмкін.
Ауру қоздырғышы – үлкендігі 1 см болатын описторх құрты немесе сібір сорғышы, оның жұмыртқасы өте ұсақ болады. Құрттың жұмыртқасы мен дернәсілі қоршаған ортаға төзімді келеді: Топырақ үстінде құрт жұмыртқалары 10 күнге дейін, ал су айдындарында 2 жылға дейін сақталады. Дернәсілдері 12 градуста 1 айға дейін, балықтағы тұздың мөлшері 10% болғанда 37 күнге дейін, қақталған балықта 20 күнге дейін сақталады. Балықты ыстықтай қақтау дернәсілді жояды, ал суықтай қақтау олардың өмір сүруіне әсер етпейді, – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Салтанат Бекумова.
Бас маманның айтуынша, балықты қайнаған сәттен бастап кем дегенде 15-20 минут пісіру керек, балық бәлішін пеште кемінде 40 минут ұстаған жөн. Аз тұздалған және жұқа етіп тілініп, тоңазытылған балық етін пайдаланудан бас тартыңыз. Шикі балықты немесе оның ішін үй жануарларына беруге болмайды, өйткені олардың жұқтыру қаупі артады, бұл жағдайда жануарлар описторхозды адамға таратуы мүмкін.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова