23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСҚО бойынша экология департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты 20 шілде күні Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылының маңындағы Соленое көліне департамент өкілдері, Есіл облысаралық бассейндік инспекциясы, СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл ауданының ветеринариялық қызметі, балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері барды.
Жұмыс тобы су қоймасының жағалауын тексерді. Көзбен шолу барысында 400 кг мөлшерінде пелядь, тұқы, мөңке балығы өлгені анықталды. Зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамалары мен өлген балық алынды.
Көлді «Водолей-2017» ЖШС жалға алып, балық шаруашылығымен айналысып жатыр. Серіктестік жұмысшылары су айдынын өлген балықтан тазартып, өлексені жойды. Әзірге балықтың неден қырылғаны белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін осы ауданның Табунное көлінде балық қырылғанын айтқан едік. Тиісті сынамалар алынып, зертханаға жіберілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады