29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСолтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды El.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
– ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады, - делінген ұсынылған мәліметте.
Анықталғандай, 2019-2022 жылдар аралығында халықтың қаражатын тарта отырып «HERMES LTD» жобалары бойынша қаржы пирамидасы құрылған. Қызметі – қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту болған.
– Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде үш адам танылды. Олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді агенттіктен.
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасына қатысты арыз-шағымды ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарлауға болатынын айтады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек