Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПетропавл қаласының Достық үйінде құрылғанына 15 жыл толуына арналған белорус мәдениетінің фестивалі өтті.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Беларусь орталығының мүшелерін салтанатты түрде құттықтап, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін» алғыс хат табыс етті.
«Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко барлық қатысушыларды орталықтың құрылғанына 15 жыл толуымен құттықтап, оның дамуына, белорус мәдениетін сақтауға атсалысқан орталық мүшелерімен бірге мерекелік торттың шамдарын үрлеп, мерекелік кешті бастап кетті.
«Радзіма» қоғамдық бірлестігін құттықтауға Қызылжар ауданы, Архангельское ауылының «Калі ласка» белорус этномәдени орталығының төрағасы Тамара Ткаченко бастаған қонақтар келді. Олар балалар мен жастардың орындауында би, ән, гимнастикалық этюдтер сияқты бірнеше музыкалық нөмірлер сыйлады.
Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері татар, украин, белорус, орыс тілдерінде ән шырқап, шығармашылық нөмірлер ұсынды. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұлттық билері орындалып, орыс, белорус және поляк тілдерінде өлеңдер оқылды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек