Бүгiн, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Сүмбе өзенінде су тарту құрылысын бірлесіп басқару жөнінде келісімге қол қойылды, деп хабарлайды El.kz.
Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сумбе трансшекаралық өзеніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекова, Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.
«Су қатынастары біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған жоғары деңгейдегі барлық екіжақты кездесулерде су мәселелерін үнемі талқылау дәлел болады», - деді вице-министр өзінің кіріспе сөзінде.
Айта кету керек, аталған құжатқа қол қою Сүмбе өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалануға және Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына су жинауды жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан тарапына арнаған сөзінде Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь келісімге қол қою трансшекаралық өзендердің ресурстарын ұтымды және әділ пайдалану контексінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті.
Іс-шара соңында Ә.Шалабекова: «Біз өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдете беруге ниеттіміз», - деп түйіндеді.
Бүгiн, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр