15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ширек финалда Рыбакина Канада өкілі Виктория Мбокомен (WTA рейтингінде 23-орын) кездесіп, екі сетте сенімді жеңіске жетті – 6:3, 7:6 (7:4). Ойын ұзақтығы – 1 сағат 27 минут.
Осылайша, Елена турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Онда ол Чехия спортшысы Линда Носковамен (17-орын) кездеседі. Сонымен қатар Рыбакина осы нәтижесінің арқасында WTA маусымдық қорытынды турниріне қатысу құқығын ертерек қамтамасыз етті. Бұл жарыс қараша айының басында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.
Биылғы Токио турнирінің жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды. Ал жеңімпазға 164 мың доллар және 500 рейтингтік ұпай беріледі.
Елена Рыбакина соңғы айларда тұрақты ойын өрнегін көрсетіп келеді және Азиядағы басты фавориттердің бірі саналады. Ол маусым соңындағы шешуші жарыста да жоғары нәтижеге үміткер.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады