10.08.2023
11:58
1302
Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Монреальда өтіп жатқан ауыр турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Дженнифер Брэйдиді жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, ойын 6:7 (3:7), 7:6 (7:5), 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Оқи отырыңыз:

Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды.  Канададағы жарыстың үшінші кезеңінде Елена тағы бір америкалық Слоан Стивенспен (әлемнің 38-ракеткасы) ойнайды.