23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Беларусь астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Минскіде Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары, Достастық Министрлер кеңесінің бас хатшысы мен хатшысы жиналды.
Отырыс барысында көпжақты ынтымақтастық пен достастық форматындағы әскери мақсаттағы бірлескен (біріккен) жүйелерді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Отырысқа қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастығын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін мақұлдады, - делінген мәліметте.
Отырыс бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюмен аяқталды.
Қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Беларусь елінің неміс-фашистік басқыншылардан азат етілуінің 80 жылдығымен және Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді.
Осыған орай республика сарайында салтанатты концерт, ал «Минск – батыр қала» ескерткішінің маңында әскери парад өтті. Іс-шараға Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысты. Алаңда есептоптар қатарында Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері де салтанатты маршпен жүріп өтті. Достастық елдерінің Қарулы күштері контингенттеріне құрмет көрсетіліп, ІІ дүниежүзілік соғысының ұрыс даласынан оралмағандарды мәңгі есте сақтау үшін Жеңіс монументіне гүл шоқтары қойылды.
Тарихи оқиға аясында делегация басшылары Беларусь Республикасының неміс-фашистік басқыншылардан азат етілуінің 80 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды. Оны Беларусь қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренин табыс етті.
Әскери делегациялар мүшелері Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық кітапханасы мен Мемлекеттік тарих мұражайын да аралады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік