Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәжілістің бұрынғы депутаты, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы қаласы әкімдігінде жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Берденовтың «Алматы даму орталығының» директоры болып тағайындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл мәліметті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми түрде растады.
«Алматы даму орталығы» 2008 жылы қала әкімдігінің қаулысымен құрылған. Ұйымның негізгі міндеті — Алматының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, қалалық басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту. Сондай-ақ орталықтың стратегиялық мақсаты — Алматыны өмір сүруге ең қолайлы және тартымды әлемдік қалалардың біріне айналдыру.
Еске салайық, 29 тамыз күні Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылған болатын. Бұған дейін ол өзіне жасалған қастандықтан кейін біраз уақыт ем қабылдаған еді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар