Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарРумынияның оңтүстігіндегі Бистриц көлінің басым бөлігі қуаңшылық пен жергілікті бизнестің ықтимал заңсыз әрекеттерінен құрғап қалды. Бұл туралы Digi24-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Тарихи Олтения өңіріндегі ең ірі су айдындарының бірі болған Бистриц көлі (аумағы – 2 200 гектар) ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан бүгінде «жалаңаш шөлге» айналған.
2007 жылдан бастап қорғауға алынған көл кезінде ерекше маңызға ие экожүйе болатын: мұнда 135-тен астам құс түрі, соның ішінде сирек кездесетін пеликандар да ұя салып, ал көлдің өзі ауқымды көлемде балық аулау үшін пайдаланылған.
Алайда қазір төрт бөлігі бар көлдің екеуі толықтай құрғап, адамдар оның табанымен еркін жүре алады.
Билік өкілдерінің айтуынша, көлдің тартылуына басты себеп – қолайсыз ауа райы жағдайлары және жергілікті шаруашылықтардың тыйым салынғанына қарамастан егістікті суару үшін суды заңсыз пайдалануы. Жиу өзенінің бассейні әкімшілігі (көлдің негізгі су көзі) осындай кемінде бір заң бұзушылықты анықтаған.
Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды «апатты салдар» деп бағалауда.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?