29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыРудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады», - деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ 6 ақпаннан бастап Рудный қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына Виктор Николаевич Ионенко тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін уақытша атқаратын болады. В. Н. Ионенко инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, тәжірибесі мол. Сондай-ақ, Денисов, Меңдіқара және Қарасу аудандарының әкімі болған.
Қуандық Хайдарұлы Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен босатылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек