Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыРудныйда полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжай тапты. Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электр сорғыш және желдеткіші болды. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі үстелде ZIP пакеттерінде каннабис тұқымы сақталған қорап табылды. Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден асатын каннабис өсімдігі екенін растады. Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың іздері анықталғанын көрсетті.
Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша Рудный тұрғынына қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Кінәлі екені дәлелденген жағдайда, ол қылмыстық жазаға тартылады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар