12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРудныйда құбыр желісіндегі апатқа байланысты 33 көпқабатты тұрғын үй мен 1 мектепке жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір тұрғындар электр жылытқыштарды қосып, үйлерін жылытып отыр. Апат Гагарин мен Шевченко көшелерінде болған.
"Рудный қаласы, Шевченко көшесі 116 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 сорғы станциясының жұмысында ақау шықты. 13 жеке үй жылудан ажыратылды. Жылу құбырының диаметрі - 159. Сондай-ақ Гагарин көшесі 6 мекенжайында да ұқсас жағдай анықталды. Құбырдың диаметрі - 159. 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды", - делінген хабарламада.
Бүгін Рудныйда ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан бірінші және екінші ауысымдағы бастауыш сыныптар қашықтан оқуға көшірілді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер