2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Өрттің Павлодар облысының аумағына өтуіне жол берілмеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Павлодар облысының ТЖД мәлімдеді.
07 қыркүйек 13 сағат 08 минутта Қарағанды облысының ТЖД Дағдарыс орталығы басқармасынан Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы орман алқабында өрттің Павлодар облысы аумағына таралу қаупінің болуы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрттің Павлодар облысының аумағына Павлодар және Қарағанды облысының шекарасына өтуін болдырмау мақсатында Баянауыл ауданынан құрамында 4 бірлік техника мен жеке құрамнан 11 адам, жергілікті атқарушы органдардан 66 адам 13 бірлік техникасы бар Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Қарағанды облысымен шектес аумаққа келгеннен кейін ашық құрғақ шөптің жануы мен бұталардың үлкен аймақта өртенуі анықталды. Ауа райының ысуына, қатты екпінді желге байланысты өрт ошағы Павлодар облысының шекарасына қарай қарқынды таралды.
Қабылданған бірқатар шаралардың, үйлесімді және жедел іс-қимылдардың арқасында өрттің Павлодар облысының аумағына өтуіне жол берілмеді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс