2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қостанай облысында өртті сөндіру жалғасуда. Қазірдің өзінде бірнеше ауылдан 1800-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды El.kz.
Өрт 108 ғимаратты шарпыған. Сондай-ақ Әулиекөл мұнай базасына өрт тарау қауіпі туындаған. Өрт сөндірушілер әкімшілік ғимаратқа тараған өртті дер кезінде сөндіріп, дизель отыны және бензин құйылған аймақты қорғап қалған.
Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында өлім мен жарақат алу жағдайлары тіркелген жоқ.
Р-36 тас жолында қозғалыс және теміржолда пойыз қозғалысы қайта жанданды. Бүгін Қостанай облысына елордалық құтқарушылар көмекке келеді. Ал Алматыдан екі тікұшақ жетеді.
Жедел штабтың хабарлауынша, Қостанай облысында бір мезетте үш табиғи өрт сөндірілген.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс