Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Бүгін қазақ эстрада әншісі, профессор, әртіс, Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері – Роза Рымбаеваның туған күні. Роза Қуанышқызы 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын алған. Ал 29 жасында Халық әртісі атанды. Сонымен қатар Қырғызстан және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі. Халық арасында «Әлия», «Гүлдене бер, туған жер», «Куә бол», «Айгөлек», «Атамекен», «Отандастар», «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» әндерін орындаумен танылған.
Роза Рымбаеваның өмірлік ұстанымдары:
Ең алдымен мен анамын, содан кейін ғана әншімін.
Сахнада тұрған екі минуттуң бір минутында балаларымды ойлап отырамын.
Киім кию үлгім әрдайым заманға сай болады. Маған гламур, классикалық киім ұнамайды.
Ана болу деген үлкен жауапкершілік.
Кез келген баланы еңбекқорлыққа үйрету керек.
Бай болуды ешқашан мақсат тұтпадым.
Қай салада жұмыс істесең де, мықты кәсіби маман болу керек.
Балалар ата-анасына қарап өседі. Балаларымыз жақсы болсын десек, өзімізден бастау керек.
Басты хоббиім - ана болу.
Ешқашан да жеңісті сатып алуға болмайды.
Атақ болмағанға қарағанда, тыңдарманың болмағаның жаман.
Роза Рымбаева биографиясын мына сілтеме бойынша біле аласыздар. Сонымен қатар әншінің сұхбатымен танысуға болады. Суреттер Әли Оқаповтың Vk.com жеке парақшасынан алынды.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай