Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЭстрада әншісі Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты ондаған миллион теңгеге алдаған сотталушыға қатысты апелляция қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат С. Бекқайыровқа апелляциялық шағым жәбірленушілердің бірінен түскен.
Жаза шарасы бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды, азаматтық талап-арыз бөлігінде өзгертілді. Алдын ала деректер бойынша жәбірленушілердің біріне келтірілген залал сомасы 39 миллион теңгеден 54 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Нақты сома сот ісінде көрсетіледі, - деп хабарлады сотта.
Естеріңізге сала кетейік, Бекқайыров 2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласының Медеу аудандық соты 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 6,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған еді.
Сот шешіміне сәйкес, ол жәбірленушілер Дәулет Тұрлыхановқа 533,7 миллион теңге, Роза Рымбаеваға 91,1 миллион теңге және тағы екі жәбірленушіге жалпы 60 миллион теңгеден астам материалдық шығын төлеуге тиіс еді.
Айта кетейік, Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыханов 2013 жылы алаяқтың құрбаны болды. Бекқайыров Тұрлыхановты асфальтбетон зауытының құрылысы болып табылмайтын инвестициялық жобаға 1,2 миллион доллар салуға көндірген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары