Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСу ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен тасқын суы бойынша ақпарат алмасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ресей Федерациясының аумағында Жайық, Үлкен және Кіші Өзен, Шаған және Деркөл өзендері бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты Росгидрометпен әр тәулік сайын гидрологиялық деректермен алмасады.
Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен жедел ден қою үшін тұрақты ақпарат алмасу жүргізіледі.
Ресейден келетін ағын барлық бес өзеннің деңгейіне әсер ететіндіктен, біз ресейлік әріптестерімізбен үнемі ақпарат алмасып отырмыз. Бұл болып жатқан оқиғалар жайлы толық мәлімет алуға, барлық тәуекелдерді алдын ала бағалауға және тасқын суын өткізу бойынша қажетті іс–шараларды қабылдауға, сондай-ақ әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар департаменттерін уақытылы хабардар етуге көмектеседі, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары