Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекFourFourTwo нұсқасы бойынша, «Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ХХІ ғасырдың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рейтингте екінші орын «Әл-Наср» шабуылшысы португалиялық Криштиану Роналдуға бұйырса, үздік үштікке «Эмирейтс» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста жайғасты.
Алғашқы ондықта «Барселонада» ойнаған Хави, оның бұрынғы әріптесі Роналдиньо, «Реал» жұлдызы болған Зинедин Зидан, «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Тьерри Анри, «Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер, «Миланның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Кака мен «Гремио» шабуылшысы Луис Суарес бар.
FourFourTwo нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік 20 футболшысы:
1. Лионель Месси (Аргентина)
2. Криштиану Роналду (Португалия)
3. Андрес Иньеста (Испания)
4. Хави (Испания)
5. Роналдиньо (Бразилия)
6. Зинедин Зидан (Франция)
7. Тьерри Анри (Франция)
8. Мануэль Нойер (Германия)
9. Кака (Бразилия)
10. Луис Суарес (Уругвай)
11. Карим Бензема (Франция)
12. Дани Алвес (Бразилия)
13. Златан Ибрагимович (Швеция)
14. Лука Модрич (Хорватия)
15. Самюэль Это’О (Камерун)
16. Уэйн Руни (Англия)
17. Роналдо (Бразилия)
18. Филипп Лам (Германия)
19. Серхио Рамос (Испания)
20. Томас Мюллер (Германия).
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?