10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа ЖЭО құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда еліміздің барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты 21 мың МВт құрайды, алайда қолда бар қуаты — 16 мыңға жуық.
Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды, — деді бірінші вице-премьер.
Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.
БЖЗҚ қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды, — деді Роман Скляр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді