Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Роман Скляр жергілікті өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбегіне енгізу, оқшаулауды тереңдету, өндірістің өсімін қамтамасыз ету және шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу аясында Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады.
Бұл жоба отандық машина жасау саласы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.
Сондай-ақ кездесу барысында тұрмыстық техника өндірісі және тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамыту саласындағы басқа да бірқатар мәселе талқыланды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары