Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыЕлорданың атауы «Астанаға» өзгерілуі мүмкіндігіне қатысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Негізінде бұл мәселенің талқыланып жатқанына біраз уақыт болды. Кеше ғана депуттардың «Жаңа Қазақстан» тобы осы мәселені қайта қарастыру керек деген шешім қабылдады. Себебі, бұл мәселе қоғамда өзекті деп ойлаймын. Сондықтан, қазіргі таңда әлі ешқандай шешім қабылданбады. Біз қоғамның ойын білгіміз келеді», - деді Роман Скляр.
Журналистердің елорда атауының өзгеруіне қатысты пікірін сұраған кезде былай жауап берді.
«Дәл қазір ешнәрсе айта алмаймын. Дегенмен менің Қазақстан азаматы ретінде өз пікірім бар. Бұл шешім кеше ғана қабылданды. Сондықтан мәселенің артын байыппен күтейік», - деді Роман Скляр.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйек күні «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы елорданың атауын «Астана» деп өзгертуді қайта қарастыру керек деген шешім қабылдаған болатын.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?