Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады.
Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.
Суреттер:primeminister.kz
Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және тағы басқа кіреді. Сондай-ақ «Астана-Арена», «Алау» және «Барыс Арена» мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үйі және «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары