Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың баяндамасы тыңдалды, қазіргі ахуал туралы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев айтып берді, сондай-ақ өрт болған жерден төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков баяндады.
24 мамыр сағат 09.00-дегі жағдай бойынша өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 434 адам және 109 техника, екі тікұшақ және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. ТЖМ 23 мамырда қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының жеке құрамынан 133 адам және 26 техниканы жіберген, - делінген мәліметте.
24 мамыр таңғы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша елді мекендерге төнген қауіп жойылды. Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Бұған дейін өрт қаупіне байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам эвакуацияланып, олар туыстарының үйіне орналастырылғанын хабарлағанбыз.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары