Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПарижде 2023 жылғы Ролан Гаррос турнирінің (Франция ашық чемпионаты) жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды.
Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де Рыбакина сияқты, қарсыласы кейін анықталады.
Негізгі турнирге шығуға әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 165-сатыдағы бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар