Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлемнің 3-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін «Үлкен дулыға» жарыстарының 22 дүркін чемпионы атанған сербиялық спортшы финалда әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен бас жүлде үшін таласты.
Н. Джокович бірінші партияда тай-брейкте айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:1).
Содан кейін сербиялық теннисші күш ала түсті – 6:3.
Үшінші сетте есеп 5:5 болған мезетте брейк жасаған Новак матчқа доп бергенде, бет қаратқан жоқ – 7:5.
Үш сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Н.Джокович 11 эйс жасап, 10 брейк пойнттың үшеуін пайдаланды. К.Рууд 4 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Новак Джокович Ролан Гаррос жарысында үшінші рет үздік шықты.
Өз спорттық жолында «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтқан Н. Джокович теннис тарихында ең атақты ойыншы атанып, рекорд орнатты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары