6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарростың Батыс және Орталық Азия бойынша іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қыздар арасында финалда қазақстандықтар Әдия Омарбек пен Еркежан Жанатаева кездесті. Әдия Еркежанды 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Ұлдар арасында қазақстандық Мансұр Сайынов өзбекстандық Акмаль Абуллаевты камбэкпен тізе бүктірді - 5:7, 6:1, 6:4.
Осылайша, аталған төрт теннисші 13-19 қазанда Жапонияда өтетін соңғы іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Онда 2026 жылы жасөспірімдер арасында өтетін Франция ашық чемпионатына бір жолдама беріледі.
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев жас спортшылардың шеберлігін арттыруда мұндай додаларды елімізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Алматыда Ролан Гарростың іріктеу турнирі осымен екінші рет ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан теннис мектебінің жас түлектеріне өз жерімізде мықты қарсыластармен бәсекеге түсіп, шыңдалуына мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары жастарымыз халықаралық жарыстарда көптеген табысқа қол жеткізді. Олардың бұдан былай да сәтті өнер көрсетіп, еліміздің атын шығара беретініне сенімдімін, - деді Дияс Досқараев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі