30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТеннистен Алматыда топырақты кортта өтіп жатқан Roland Garros Junior Series by Renault - Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, қыздар арасында Еркежан Жанатаева ширек финалда Гаухар Ақтанды 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда ол Түрікменстан өкілі Илима Гусейновамен кездеседі. Гусейнова ширек финалда Софья Малышевадан 6:1, 6:1 есебімен басым түсті.
Тағы бір ширек финалдық кездесуде Алиса Королёва үш сағатқа созылған тартысты матчта Каролина Легайды 6:7 (1:7), 7:6 (7:2), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Алиса Адиа Омарбекпен кездеседі. Адиа ширек финалда Өзбекстаннан келген Кейра Кимді 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Ұлдар арасында Мансұр Саинов Ратмир Пулькевичтен 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Алан Зинатулинмен өзара мықтыны анықтайды.
Ал екінші жартылай финалда қазақстандық Аңсар Ниетқалиев Абдурахмон Каримовқа қарсы кездесуде 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Аңсар финалға шығу үшін тағы бір өзбекстандық теннисші Акмал Абдуллаевпен кездеседі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды